Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/11 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Атбасарском районе»

Өзге акт · № 7С 25/15 · қабылданған 17.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-6-911-ekb-173830/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/11 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Атбасарском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 7С 25/15 ·17.11.2022
17.11.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/11 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Атбасарском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 7С 25/15 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/11 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Атбасарском районе»
Атауы (қаз.)
Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 «Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7С 25/15
Қабылданған күні
17.11.2022
Көрсетілген редакция
17.11.2022 173830_600432.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22BE030573
ЭКБ идентификаторы
173830
Редакция идентификаторы
173830_600432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:58

0 Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 «Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5859 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 - бабына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері айқындалсын.»
2 тармақ алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшері

Атбасар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 7С 25/15 шешіміне
қосымша
Атбасар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/11 шешіміне
қосымша
Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшері

1

1. Осы Атбасар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту үшін негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы