О внесении изменений в приказы Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава либо граждан» и 22 декабря 2022 года № 1247 «Об утверждении Инструкции по применению Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказы Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава либо граждан» и 22 декабря 2022 года № 1247 «Об утверждении Инструкции по применению Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрықтарына өзгерістер енгіз
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 04.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2024 195346_693378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034231
- ЭКБ идентификаторы
- 195346
- Редакция идентификаторы
- 195346_693378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:11
0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнайы операциялар күштері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларын қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі, базалық офицер курсынан өтуі болған кезде «майор» штаттық-лауазымдық санатынан жоғары емес офицер құрамының бос әскери лауазымына уақытша тағайындалады.
Базалық офицер курсынан өту туралы талап қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес білімі бар, сондай-ақ әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес келмейтін білімі бар, бірақ қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығы бойынша кемінде 3 жыл қызметтік іс тәжірибесі бар әскери қызметшілерге және «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы бастапқы оқытудан өткен әскери полиция органының әскери қызметшілеріне қолданылмайды.
Базалық офицер курсының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әзірлейді, оларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орны жанында жүргізіледі.
Медициналық мамандық пен «ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік (IT мамандары)», «математикалық және компьютерлік модельдеу», «ғарыш техникасы және технологиялары», «ақпаратты қорғау әдістері мен жүйесі (криптография)», «журналистика (PR және SMM мамандары)» мамандықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.».
2
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
«56. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнайы операциялар күштері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларын қоспағанда, олардың бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі, базалық офицер курсынан өтуі болған кезде «майор» штаттық-лауазымдық санатынан жоғары емес офицер құрамының бос әскери лауазымына уақытша тағайындалады.