Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан»

Бұйрық · № 597 · қабылданған 02.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2017-no-751-ekb-148187/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан» Қолданыста Бұйрық ·№ 597 ·02.11.2020
02.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 597 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан»
Атауы (қаз.)
«Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
597
Қабылданған күні
02.11.2020
Көрсетілген редакция
02.11.2020 148187_489626.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021588
ЭКБ идентификаторы
148187
Редакция идентификаторы
148187_489626
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:58

0 «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 751 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларында:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына мыналар уақытша тағайындалады:
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда кемінде бес жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі (медициналық қызметкерлер лауазымдарына тағайындалатын адамдарды қоспағанда), жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері төмен тұрған құрамының әскери қызметшілері;
2) жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар тиісті құрамның әскери міндеттілері, сондай-ақ азаматтар.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы