О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 751 «Об утверждении Правил временного назначения на вакантные воинские должности военнослужащих нижестоящего состава, военнообязанных соответствующего состава либо граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерiн, тиiстi құрамның әскери мiндеттiлерiн не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 507
- Қабылданған күні
- 05.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2021 157775_534622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023937
- ЭКБ идентификаторы
- 157775
- Редакция идентификаторы
- 157775_534622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:16
0 «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерiн, тиiстi құрамның әскери мiндеттiлерiн не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша
тағайындау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрiнiң 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерiн, тиiстi құрамның әскери мiндеттiлерiн не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16189 болып тiркелген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерiн, тиiстi құрамның әскери мiндеттiлерiн не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Әскери барлау органдары офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына мыналар уақытша тағайындалады:
1) «ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік (IT мамандары)», «ақпаратты қорғаудың әдістері мен жүйелері (криптография)» мамандықтары бойынша «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда, кемiнде бір жыл үздiксiз әскери қызмет өтiлi, жоғары бiлiмi және тиiстi әскери есептiк мамандықтың бейiнi бойынша ұқсас мамандығы бар төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерi;
2) «математикалық және компьютерлік үлгілеу», «ғарыштық техника мен технологиялар» мамандықтары бойынша «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, олардың бағынысында офицерлер болмаған жағдайда, жоғары бiлiмi және тиiстi әскери есептiк мамандықтың бейiнi бойынша ұқсас мамандығы бар төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерi.».