О внесении изменения в постановление акимата Сандыктауского района от 22 ноября 2018 года № А-11/323 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Сандыктаускому району на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Сандыктауского района от 22 ноября 2018 года № А-11/323 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Сандыктаускому району на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № А-11/323 «2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-8/292
- Қабылданған күні
- 19.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2019 134837_421523.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BP007396
- ЭКБ идентификаторы
- 134837
- Редакция идентификаторы
- 134837_421523
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:27
0 Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қарашадағы
№ А-11/323 «2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2018 жылғы 22 қарашадағы № А-11/323 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада «Сандыктауский край» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда аталған қаулының қосымшасы жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» _________
№ _____
қаулысына қосымша
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 22 қарашадағы
№ А-11/323
қаулысына қосымша
2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
р/б
Ұйымның, кәсіпорынның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
1
«Сандықтау-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
47
2,1
2
«Широкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
3
«Докаева Т.В.» жеке кәсіпкер
2
50