О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 143 «Об утверждении прейскуранта цен на услугу по выдаче в ускоренном порядке документов, удостоверяющих личность, оказываемую республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 143 «Об утверждении прейскуранта цен на услугу по выдаче в ускоренном порядке документов, удостоверяющих личность, оказываемую республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения»
- Атауы (қаз.)
- «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 919
- Қабылданған күні
- 21.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2023 190830_674661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23C0000919
- ЭКБ идентификаторы
- 190830
- Редакция идентификаторы
- 190830_674661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:41
0
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16576 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскуранты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет БАҒАЛАРЫНЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы «__» _____ №____
бұйрығымен бекітілген
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын
көрсететін жеке басын куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен
беру бойынша көрсетілетін қызмет
БАҒАЛАРЫНЫҢ ПРЕЙСКУРАНТЫ
Мерзімі
ҚҚС-сыз бағасы (теңге)
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:
1-санатты жеделдік – 1 (бір) жұмыс күніне дейін
3011,12
2- санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін
1581,14
облыс орталықтары үшін:
1-санатты жеделдік – 3 (үш) жұмыс күніне дейін
3011,12
2- санатты жеделдік – 5 (бес) жұмыс күніне дейін
1581,14
облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
3-санат - 7 (жеті) жұмыс күніне дейін
605,31