О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 22 мая 2018 года № 23/02 "Об установлении публичного сервитута на земельные участки на территории Карагандинской области для размещения магистрального газопровода "САРЫ-АРКА"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 22 мая 2018 года № 23/02 "Об установлении публичного сервитута на земельные участки на территории Карагандинской области для размещения магистрального газопровода "САРЫ-АРКА"
- Атауы (қаз.)
- "САРЫ-АРҚА" магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/02
- Қабылданған күні
- 02.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2019 131318_403967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19K0005324
- ЭКБ идентификаторы
- 131318
- Редакция идентификаторы
- 131318_403967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:07
0 «САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» заңдарына, «ҚазТрансГаз» 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-40-3478 және «АстанаГаз ҚМК» акционерлік қоғамдарының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №01-08/15 өтініштеріне, «Сарыарқа» МГ салу» (1-ші кезең. «Қызылорда-Астана» МГ учаскесі) жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы сатып алу-сату 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09/38-АГ/04 шартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 маусымда электрондық түрде жарияланған, «Индустриальная Караганда» 2018 жылғы 9 маусымдағы № 62 (22321) және «Орталық Қазақстан» 2018 жылғы 9 маусымдағы № 61 (22513) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «АстанаГаз ҚМК» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын.»