О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июня 2018 года № 25/7-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Абайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июня 2018 года № 25/7-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Абайскому району»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VІ «Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/15-VII
- Қабылданған күні
- 24.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2024 166210_713949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VE02015M
- ЭКБ идентификаторы
- 166210
- Редакция идентификаторы
- 166210_713949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:59
0 Абай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VІ «Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-153 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
3-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.
Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:
1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;
2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;
3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;
4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.»