Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 359 «Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении твердых полезных ископаемых с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей»

Бұйрық · № 112 · қабылданған 28.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2018-no-359/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 359 «Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении твердых полезных ископаемых с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей» Қолданыста Бұйрық ·№ 112 ·28.03.2024
28.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 359 «Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении твердых полезных ископаемых с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 112 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 мая 2018 года № 359 «Об утверждении Правил синхронизации работы систем электронного закупа в отношении твердых полезных ископаемых с работой реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей»
Атауы (қаз.)
«Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112
Қабылданған күні
28.03.2024
Көрсетілген редакция
28.03.2024 195090_694599.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034205
ЭКБ идентификаторы
195090
Редакция идентификаторы
195090_694599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:18

0 «Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу

жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17077 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларға қатысты электрондық сатып алу жүйесінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жұмыстарды үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган тұрақты негіздегі жұмыс тобын құрады.
Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ бес адамнан кем емес.
Жұмыс тобының құрамы уәкілетті органның, елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Жұмыс тобының бірінші отырысында көпшілік дауыспен оның мүшелері арасынан Жұмыс тобының төрағасы сайланады, ол жұмыс тобының жұмысына басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді. Жұмыс тобының төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның функцияларын жұмыс тобы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Жұмыс тобының отырысын өткізуге арналған кворум жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде 50 (елу) пайызын құрайды. Жұмыс тобының әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы дауыс беруге қатысатын жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, жұмыс тобы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қабылданған шешіммен келіспеген жұмыс тобының мүшелері ерекше пікірді жұмыс тобының хаттамасына қоса берілетін жазбаша түрде көрсете алады.
Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде екі дана (уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден) хаттама жасауды қамтамасыз етеді, оған жұмыс тобының төрағасы және жұмыс тобының барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы