О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 73 «Об утверждении Правил применения оружия и боевой техники по воздушным судам-нарушителям воздушного пространства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2018 года № 73 «Об утверждении Правил применения оружия и боевой техники по воздушным судам-нарушителям воздушного пространства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 714
- Қабылданған күні
- 06.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2021 159253_540634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000714
- ЭКБ идентификаторы
- 159253
- Редакция идентификаторы
- 159253_540634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:26
0 «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларында:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалық жағдайларда мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы күзету кезінде және жергілікті жерде тыйым салу белгілерімен немесе қоршаумен белгіленген шекаралар шегінде қорғаныс объектілері, әскери бөлімдер аумағының үстінен келісілмеген ұшуларды жүзеге асыратын және адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ұшқышсыз ұшу аппараттарына (құралдарына) немесе қашықтан (автоматты түрде) басқарылатын және басқарылмайтын экипажсыз және жолаушыларсыз өзге де ұшу аппараттарына (құралдарына) қатысты зақымдайтын қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді Қарулы Күштердің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірінші басшылары айқындайтын олардың уәкілетті лауазымды адамдары қабылдайды.».