О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 22 ноября 2018 года № 9-42-VI «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Жетысайского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жетысайского районного маслихата от 22 ноября 2018 года № 9-42-VI «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Жетысайского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 9-42-VI ««Б» корпусы Жетісай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-136-VIІ
- Қабылданған күні
- 21.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2023 169159_640197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22UP22136M
- ЭКБ идентификаторы
- 169159
- Редакция идентификаторы
- 169159_640197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:20
0 Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 9-42-VI ««Б» корпусы Жетісай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Б» корпусы Жетісай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы №9-42-VI шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Б» корпусы Жетісай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
5
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
40 «40. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
41-тармақ алынып тасталсын.