О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 апреля 2019 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 апреля 2019 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов деятельности организаций, управляющих имущественными правами на коллективной основе»
- Атауы (қаз.)
- «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 474
- Қабылданған күні
- 09.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2022 169487_582158.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028503
- ЭКБ идентификаторы
- 169487
- Редакция идентификаторы
- 169487_582158
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:30
0 «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар
қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 31 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1.
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес авторлық құқықты басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сабақтас құқықтарды басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жасаушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға арналған құқықтарын жүзеге асыру саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметін тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды басқару саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы бекітілсін.
2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авторлық құқықты басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы»;
3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сабақтас құқықтарды басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы»;
4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жасаушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға арналған құқықтарын жүзеге асыру саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметін тексеру парағы»;
5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды басқару саласында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін тексеру парағы».
2 2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті