О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жарыкского сельского округа от 22 мая 2019 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Канай Жарыкского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жарыкского сельского округа от 22 мая 2019 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Канай Жарыкского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 22 мамырдағы № 3 «Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 27.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2020 139917_446494.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CGH06837
- ЭКБ идентификаторы
- 139917
- Редакция идентификаторы
- 139917_446494
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:53
0 Шектеу іс-шараларын алу және Жарық ауылдық округі
әкімінің 2019 жылдың 22 мамырдағы № 3 «Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-10-3/300 ұсынысы негізінде, Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жарық ауылдық округінің Қанай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Жарық ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 22 мамырдағы № 3 «Жарық ауылдық округінің Қанай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 6177 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.