О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 22 февраля 2019 года № 73 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 22 февраля 2019 года № 73 «О государственной поддержке развития животноводства в Актюбинской области на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 73 «2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 18.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2019 130686_400111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006109
- ЭКБ идентификаторы
- 130686
- Редакция идентификаторы
- 130686_400111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:18
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 73 «2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандадағы № 73 «2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5970 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылаужетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 150 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 73 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидиялар сомасы, мың теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас/шағылыстыру маусымы
10 000
45 000
450 000,0
1.2
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
30 000
20 000
600 000,0
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп бағу
бас/шағылыстылыстыру маусымы
100 000
1 400
140 000,0
3.
Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу
сатып алынған бас
150 000
1400
210 000,0
4.
Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу
335 000
9 000
3 015 000,0
5.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату
тiрiдей салмағы, килограмм
200
1 125 000
225 000,0
6.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
қосқан салмағы,
килограмм
200
58 892,5
11 778,5
Барлық сомасы
4 651 778,5
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу
1.1
Бір жынысты
сатып алынған доза
10 000
1 000
10 000,0
1.2
Қос жынысты
5 000
500
2 500,0
2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
2.1
отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік
сатып алынған бас
150 000
400
60 000,0
3.
Сүт өндіру құнын арзандату:
3.1
бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
Өткізілген немесе өңделген килограмм
35
6 800 000
238 000,0
3.2
бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
10
2 000 000
20 000,0
3.3
Ауыл шаруашылығы кооперативі
10
700 000
7 000,0
4.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау
ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы
5 000
1 200
6 000,0
5.
Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
120 000
800
96 000,0
Барлық сомасы
439 500,0
Етті құс шаруашылығы
1.
Құс етін өндіру құнын арзандату
1)
2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген немесе өңделген килограмм
50
348 000
17 400,0
Барлық сомасы
17 400,0
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1)
150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
2,7
120 585 000
325 579,5
Барлық сомасы
325 579,5
Шошқа шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды шошқалар сатып алу
сатып алынған бас
140 000
25
3 500,0
2.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
бас/шағылысу маусымы
40 000
700
28 000,0
Барлық сомасы
31 500,0
Қой шаруашылығы
1.
Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау
ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы
1 000
5 000
5 000,0
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
бас/ шағылысу маусымы
2 500
7 200
18 000,0
Қойлардың тауарлық аналық басы
1 500
30 000
45 000,0
2.
Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу
сатып алынған бас
8 000
1 125
9 000,0
3.
Қозы өткізу құнын арзандату
өткізілген бас
3 000
2 500
7 500,0
4.
Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату
5.
Сапасы 50-ден басталатын жүн
өткізілген немесе өңделген килограмм
100
18 000
1 800,0
Барлық сомасы
86 300,0
Жылқы шаруашылығы
1.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
сатып алынған бас
100 000
50
5 000,0
2.
Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
килограмм
60
300 000,0
18 000,0
Барлық сомасы
23 000,0
Түйе шаруашылығы
1.
Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
килограмм
55
10 000
550,0
Барлық сомасы
550,0
Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)
1.
Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бас/шағылысу маусымы
10 000
75
750,0
Барлық сомасы
750,0
Балара шаруашылығы
1.
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы/маусым
5 000
600
3 000,0
Барлық сомасы
3 000,0
Жиынтық сомасы
5 579 358,0
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және /немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 15 наурыз 2019 жылғы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» Қағидасының 4-тармағына сәйкес, Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі