О внесении дополнения в решение Жалагашского районного маслихата от 22 февраля 2019 года №37-3 “Об утверждении Правил оказания жилищной помощи”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Жалагашского районного маслихата от 22 февраля 2019 года №37-3 “Об утверждении Правил оказания жилищной помощи”
- Атауы (қаз.)
- “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы №37-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63-2
- Қабылданған күні
- 22.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2021 146876_518956.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LF007660
- ЭКБ идентификаторы
- 146876
- Редакция идентификаторы
- 146876_518956
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:42
0 “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш
аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы
№37-3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 50-баптарына және “Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. “Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы №37-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6711 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1 -тармақпен толықтырылсын:
“5-1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 20498 нөмірмен тіркелген) сәйкес есептеледі.”.