Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования»

Бұйрық · № 68 · қабылданған 01.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2020-no-219-ekb-165284/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 68 ·01.03.2022
01.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 68 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования»
Атауы (қаз.)
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
68
Қабылданған күні
01.03.2022
Көрсетілген редакция
01.03.2022 165284_564857.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027007
ЭКБ идентификаторы
165284
Редакция идентификаторы
165284_564857
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:18

0

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру үшін бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында жазылған.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 2-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері баланың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті алған күннен бастап курьер арқылы 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушылардың қабылданған өтініштерін берілген күні мен уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен тіркейді.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Балалар музыка, көркем мектептерін, өнер мектептерін және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау оқуға қабылдау туралы өтінішті ресімдеу тәртібімен жүзеге асырылады.
Балалар музыкалық, көркем мектептеріне, өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі түрлері (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Бос орындар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушілерді хабардар ету бойынша күнтізбелік жыл ішінде қосымша қабылдау осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға өтінішті алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып жатқан лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте егер шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам үш жұмыс күні ішінде талаптарын толық қанағаттандыратын шешім немесе өзге де әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға сотқа дейінгі шағымнан кейін жол беріледі.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі

0 Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 1 наурыздағы
№ 68 бұйрығына
қосымша
«Балаларға қосымша білім
беру бойынша қосымша білім
беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет көрсету қағидаларына
қосымша
«Ба­ла­лар­ға қо­сым­ша бі­лім бе­ру бой­ын­ша қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на құ­жат­тар қа­был­дау және оқу­ға қа­был­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ба­ла­лар­ға ар­нал­ған қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы жү­зе­ге асы­ра­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет мер­зі­мі:
ба­ла­лар үшін қо­сым­ша бі­лім бе­ру бой­ын­ша қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на құ­жат қа­был­дау:
1) құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 30 (отыз) ми­нут;
2) құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін мак­си­мал­ды кү­ту уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
3) қыз­мет алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің мак­си­мал­ды уа­қы­ты
15 (он бес) ми­нут.
Ба­ла­лар му­зы­ка, көр­кем мек­теп­те­рін, өнер мек­теп­те­рін және көр­кем-эс­те­ти­ка­лық ба­ғыт­та­ғы мек­теп­тер­ді қо­с­па­ған­да, ба­ла­лар­ға ар­нал­ған қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на оқу­ға қа­был­дау оқу­ға қа­был­дау ту­ра­лы өті­ніш­ті ре­сім­деу тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Со­ны­мен қа­тар, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі­нің қыз­мет бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды жол­да­уы және көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алушы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға нәти­же­сі­нің жет­кі­зі­луі әр та­рап үшін 1 жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді.
Ба­ла­лар му­зы­ка­лық, көр­кем мек­теп­те­ріне, өнер мек­теп­те­ріне және көр­кем-эс­те­ти­ка­лық ба­ғыт­та­ғы мек­теп­тер­ге қа­был­дау әң­гі­ме­ле­су нәти­же­сі бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (жар­ты­лай
ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Осы Стан­дарт­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат бе­ру және қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на қа­был­дау ке­зін­де-қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін қа­ғаз нұс­қа­да алу үшін жү­гін­ген кез­де нәти­же қа­ғаз нұс­қа­да ре­сім­де­ле­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы та­ра­пы­нан тө­ле­не­тін тө­ле­ма­қы кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да қа­рас­ты­ры­л­ған жағ­дай­лар­да тө­лем жа­сау тә­сіл­де­рі
Ақы­лы/Те­гін
Ба­ла­лар­ға қо­сым­ша бі­лім бер­ге­ні үшін ақы тө­леу олар­дың ақы­лы негіз­де қо­сым­ша бі­лім бе­ре­тін ұй­ым­дар­ға қа­был­да­ну фак­ті­сі бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін қа­был­дай­ды.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ғат 13.00 - ден 14.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00 - ден 18.00-ға дей­ін жүр­гі­зі­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін. Қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бін­де, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша кәме­лет­ке тол­ма­ған, же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8
Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
1) ата-ана­сы­ның бі­ре­уі­нің (неме­се бас­қа заң­ды тұл­ға­ның) Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша жа­зы­л­ған өті­ні­ші;
2) ба­ла­ны тұл­ға­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген 027/у ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­туы­на негіз бо­ла­тын жағ­дай­лар
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы топ­тар­дың неме­се топ­тар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­ры­ның то­лып ке­туі
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге­де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар: 1414, 8 800 080 77777.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі ар­қы­лы көр­се­ті­луі мүм­кін.

1 Өтініш

«Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_______________________
Қосымша білім беру
ұйымы атауы басшысына
_______________________
ТАӘ (болған жағдайда) толық
Нысан
Өтініш
Менің ұлымды/қызымды (ТАӘ (болған жағдайда) ЖСН)
______________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы) мекендейтін оқу үшін
______________________________________________________________________
(қосымша білім беру ұйымының толық атауы)
_______________________________________________ Мен баланың келесі санаттан
екенін хабарлаймын (қажетіне қарай көрсетіңіз):
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) ерекше білім беруді қажет ететін балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;
12) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды.
Өтінішімнің өзгеруі туралы маған келесі тәсілдермен хабарлаңыз:
1) электронды sms (sms) - келесі ұялы телефон нөмірлеріне еркін түрде хабарлама (екі нөмірден аспауы керек):
_________________________________________;
2) еркін нысандағы хабарламалар электрондық поштаға:
_________________________________________.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісетінімді растаймын.
Қолы _______________ күні ________________

2 Қолхат

«Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Қолхат
Білім беру ұйымының (балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының)
ата-аналардан (заңды тұлғалардан) құжаттарды алғаны туралы
_______________________________________________
(ұйымның толық атауы)
____________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
№___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат
келесі құжаттар _____________________________алынған:
(көрсетілген қызмет алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
1. өтініш
2. басқа _____________________________________________
___________________________________________
Өтінішті қабылдау күні __________________________________________
___________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты) _______________ (қолы)
Телефон ______________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілген қызметті алушы)
«___» _________ 20__ жыл

Қолданыстағы