О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 29 «Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, предельного размера родительской платы за обучение»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 29 «Об утверждении государственного образовательного заказа на среднее образование в частных организациях образования, предельного размера родительской платы за обучение»
- Атауы (қаз.)
- «Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 14.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2023 179823_625937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032323
- ЭКБ идентификаторы
- 179823
- Редакция идентификаторы
- 179823_625937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:51
0 «Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 19913 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бюджеттік бағдарламасының бекітілген тиісті кіші бағдарламасында айқындалған көлемде жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 200 еселенген мөлшерінде және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері;
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатынған айлық есептік көрсеткіштің 2 400 еселенген мөлшерінде Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламалары бекітілсін.».