О внесении изменения в совместный приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 32 и Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 21-НҚ «Об утверждении Правил представления органом государственных доходов конфиденциальной информации Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 32 и Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 21-НҚ «Об утверждении Правил представления органом государственных доходов конфиденциальной информации Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 03.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2022 186483_657418.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22ED000283
- ЭКБ идентификаторы
- 186483
- Редакция идентификаторы
- 186483_657418
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:06
0
«Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпаратты ұсынуы қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жағында sftp серверін құру жолымен мемлекеттік органдардың Бірыңғай көліктік ортасы арқылы:
1) апта сайынғы негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1
2) ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2;
3) Министрліктің сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсынады.
Мемлекеттік кірістер органы Министрлік көрсеткен кезең үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы бойынша ақпаратты, сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кеш емес мерзімде береді.».