О внесении изменения в постановление акимата от 22 сентября 2020 года № 328 «Об установлении карантина»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 22 сентября 2020 года № 328 «Об установлении карантина»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 «Карантинді белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 336
- Қабылданған күні
- 29.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 146854_500302.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009473
- ЭКБ идентификаторы
- 146854
- Редакция идентификаторы
- 146854_500302
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:35
0 Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 «Карантинді белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қыркүйектегі № 01-08/2147 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Карантинді белгілеу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысына (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленген Қостанай облысының аумағында орналасқан елді мекендер
Әкімдіктің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 336 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2020 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 328 қаулысына
қосымша
Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленген Қостанай облысының аумағында орналасқан елді мекендер
№
р/с
Елді мекеннің атауы
1
Алтынсарин ауданы
Большая Чураковка ауылдық округінің Приозерный ауылы
2
Арқалық қаласы
Родина ауылдық округінің Родина ауылы;
Фурманов ауылы
3
Қарабалық ауданы
Михайлов ауылдық округінің Михайлов ауылы
4
Меңдіқара ауданы
Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылы
5
Сарыкөл ауданы
Маяк ауылы;
Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылы
6
Ұзынкөл ауданы
Федоров ауылдық округінің Сокол ауылы