О внесении изменений в постановление акимата от 22 сентября 2020 года № 328 «Об установлении карантина»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 22 сентября 2020 года № 328 «Об установлении карантина»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 «Карантинді белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 352
- Қабылданған күні
- 08.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 147185_500308.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009489
- ЭКБ идентификаторы
- 147185
- Редакция идентификаторы
- 147185_500308
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:24
0 Әкімдіктің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 «Карантинді белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 01-08/2190 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Карантинді белгілеу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысына (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
2
Арқалық қаласы
Родина ауылдық округінің Родина ауылы;
Фурманов ауылы;
Целинный ауылы
»;
реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
4
Меңдіқара ауданы
Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылы;
Первомай ауылдық округінің Лесное ауылы
».