О внесении изменений и дополнения в решение Жезказганского городского маслихата от 22 июля 2020 года № 49/423 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Жезказган»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Жезказганского городского маслихата от 22 июля 2020 года № 49/423 «О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Жезказган»
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдедегі № 49/423 «Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/83
- Қабылданған күні
- 13.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2024 193358_684208.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HA009320
- ЭКБ идентификаторы
- 193358
- Редакция идентификаторы
- 193358_684208
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:13
0 Жезқазған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 шілдедегі №49/423 «Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жезқазған қалалық мәслихатының «Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» 2020 жылғы 22 шілдедегі № 49/423 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5971 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жезқазған қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»;
2 2) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
3 3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары»;
4 4) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5 5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.».
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жезқазған қалалық мәслихатының
2024 жылғы 13 ақпандағы
№ 15/83
шешіміне қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Жезқазған қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта: