О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 22 декабря 2020 года № 57-745/VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Урджарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 22 декабря 2020 года № 57-745/VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Урджарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-30/VIII
- Қабылданған күні
- 26.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2024 180583_716654.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FI005918
- ЭКБ идентификаторы
- 180583
- Редакция идентификаторы
- 180583_716654
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:32
0 Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 57-745/VI «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8048 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 1 тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі Үржар ауданының жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Үржар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 1 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшадағы 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».