О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 22 декабря 2020 года № 57-745/VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Урджарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 22 декабря 2020 года № 57-745/VI «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Урджарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-182/VIII
- Қабылданған күні
- 01.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2024 189623_716660.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FI017818
- ЭКБ идентификаторы
- 189623
- Редакция идентификаторы
- 189623_716660
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:15
0 Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 57-745/VI «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8048 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).».