Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 «Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1373 · қабылданған 03.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2020-no-722/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 «Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1373 ·03.10.2025
03.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 «Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1373 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 722 «Об утверждении требований, предъявляемых к состоянию здоровья лиц для прохождения службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1373
Қабылданған күні
03.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
21.10.2025
Көрсетілген редакция
03.10.2025 215318_787075.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037077
ЭКБ идентификаторы
215318
Редакция идентификаторы
215318_787075
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:48

0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру үшін азаматтардың (әскери қызметшілердің) денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды (бұдан әрі – талаптар) көздейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Бағандар бойынша талаптар) осы талаптарға 1-қосымшада айқындалған және мыналарға қойылады:
1) І баған бойынша:
әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін азаматтарға;
мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;
жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын (бұдан әрі – мектептер) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) оқуға түсетін және онда оқитын азаматтарға;
2) ІІ баған бойынша:
техникалық және кәсіптік, жоғары білім бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін азаматтарға (әскери қызметшілерге);
әскери кафедраға (әскери факультетке) оқуға түсетін және онда оқитын азаматтарға;
запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға, сондай-ақ әскери атағы жоқ әйелдерге;
запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;
қатардағы жауынгер және сержант құрамының әскери лауазымында резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге;
ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;
мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне;
әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғанға дейін ӘОО-да оқитын ұландарға, курсанттарға (кадеттерге);
есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға;
3) ІІІ баған бойынша:
әскери қызметке шақырылатын және келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін запастағы офицерлерге;
офицер құрамының әскери лауазымында резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге;
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;
әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);
есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы офицерлерге;
4) ІV баған бойынша:
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) келісімшарт бойынша әскери қызмет немесе резервтегі әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілерге (келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға), әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге – талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабуылдау бөлімшелері мен барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабль мен кеме экипажына;
танкілерді және басқа да машинаны суасты жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызметшілерге (әскери жиынға шақырылған азаматтарға) қойылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы