О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 января 2021 года № 10 «Об утверждении Методики прогнозирования основных показателей социально-экономического развития страны и регионов на пятилетний период»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 января 2021 года № 10 «Об утверждении Методики прогнозирования основных показателей социально-экономического развития страны и регионов на пятилетний период»
- Атауы (қаз.)
- «Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 02.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2021 159986_543907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025029
- ЭКБ идентификаторы
- 159986
- Редакция идентификаторы
- 159986_543907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:09
0 «Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22123 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесінде:
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
«4-тарау. Жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау
47. Айлық есептік көрсеткішті болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
t+1 – болжамды жыл;
АЕК 1t – базалық жылдың айлық есептік көрсеткіші;
Орташа инфляция дәлізінің деңгейі t+1 – болжамды жылдағы инфляция дәлізінің орташа деңгейі.
48. Халықтың орташа жылдық санын болжамдау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
t – базалық жыл (болжамды жылдың алдындағы жыл);
t+1 – болжамды жыл;
XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны;
XOCt – базалық жылдағы халықтың орташа жылдық саны;
XOCt – соңғы 5 базалық жылда халықтың орташа жылдық санының орташа өсуі.
49. ЖІӨ-ні миллиард АҚШ долларында болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:
– болжамды жылдағы миллиард АҚШ долларымен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.
50. Миллиард халықаралық долларында алынған сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:
– болжамды жылдағы миллиард халықаралық долларымен алынған ЖІӨ-нің сатып алу қабілетінің паритеті бойынша номиналды көлемі;
– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
Халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамыt+1 – ХВҚ деректері бойынша болжамды жылдағы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықаралық долларға шаққандағы теңгенің бағамы.
51. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:
– болжамды жылдағы жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖІӨ;
– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖІӨ-нің номиналды көлемі;
Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;
XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.
52. ЖӨӨ-ні миллиард АҚШ долларымен алынған болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:
– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
– болжамды жылдағы миллиард теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы.
53. Жан басына шаққандағы АҚШ долларымен алынған ЖӨӨ-ні болжамдау мына формула бойынша жүзеге асырылады:
– болжамды жылдағы АҚШ долларымен алынған жан басына шаққандағы ЖӨӨ;
– болжамды жылдағы теңгемен алынған ЖӨӨ-нің номиналды көлемі;
Есептік бағамt+1 – болжамды жылдағы АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы;
XOCt+1 – болжамды жылдағы халықтың орташа жылдық саны.».
2 2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi