О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93/01
- Қабылданған күні
- 24.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2021 162279_552715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KF026118
- ЭКБ идентификаторы
- 162279
- Редакция идентификаторы
- 162279_552715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:41
0 Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы
22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы
22 ақпандағы №17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сәтбаев қалалық
сайлау комиссиясы
0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Сәтбаев қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 93/01
қаулысына қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2021 жылғы «22»
ақпандағы №17/01
қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындар
№
Елді-мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі, № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)
2
Абай көшесі, «Сәтбаев қаласының Балмағанбет Балқыбайұлы мешіті» жанында
3
Тәуелсіздік даңғылы, «Тұрар» базарының жанында
4
Гурба көшесі, «Ару-Ана» сауда үйінің жанында
5
Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында («Кооптранс» базарының ауданы)