О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/01
- Қабылданған күні
- 13.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2023 178997_621428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23HB000920
- ЭКБ идентификаторы
- 178997
- Редакция идентификаторы
- 178997_621428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:14
0 Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ш. Әубәкір
«КЕЛІСІЛДІ»
Сәтбаев қалалық
сайлау комиссиясы
0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
2023 жылғы 13
наурыздағы
№ 17/01
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында;
Абай Құнанбаев көшесі, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Тәуелсіздік даңғылы, № 5А үйдің жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үйдің жанында;
Виктор Гурба көшесі, «Кеншілер даңқы» алаңы, автобустық аялдаманың жанында;
Наурыз көшесі, № 27 жалпы білім беретін мектептің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында, автобустық аялдаманың жанында;
Наурыз көшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Ерден көшесі, № 199 үйдің жанында;
Абай Құнанбаев көшесі, № 85 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Абай Құнанбаев көшесі, қалалық емхананың төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 158 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында.