Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»

Қаулы · № 17/01 · қабылданған 13.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2021-no-1701/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов» Қолданыста 13.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»

Қолданыста Қаулы № 17/01 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в постановление акимата города Сатпаев от 22 февраля 2021 года № 17/01 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов»
Атауы (қаз.)
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17/01
Қабылданған күні
13.03.2023
Көрсетілген редакция
13.03.2023 178997_621428.kaz
Соңғы өзгеріс
13.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23HB000920
ЭКБ идентификаторы
178997
Редакция идентификаторы
178997_621428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:14
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №17/01 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ш. Әубәкір
«КЕЛІСІЛДІ»
Сәтбаев қалалық
сайлау комиссиясы

0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

2023 жылғы 13
наурыздағы
№ 17/01
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар
Сәтбаев қаласы
Ұлытау көшесі № 86, 90 үйлердің ортасында;
Абай Құнанбаев көшесі, Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Тәуелсіздік даңғылы, № 5А үйдің жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үйдің жанында;
Виктор Гурба көшесі, «Кеншілер даңқы» алаңы, автобустық аялдаманың жанында;
Наурыз көшесі, № 27 жалпы білім беретін мектептің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында, автобустық аялдаманың жанында;
Наурыз көшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Ерден көшесі, № 199 үйдің жанында;
Абай Құнанбаев көшесі, № 85 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
Абай Құнанбаев көшесі, қалалық емхананың төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында;
академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 158 үйдің төңірегінде, автобустық аялдаманың жанында.