Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 207 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ»

Бұйрық · № 178 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2021-no-207/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 207 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ» Күшіне енбеген 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 207 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ»

Күшіне енбеген Бұйрық № 178 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 207 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ»
Атауы (қаз.)
«Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
178
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 I229540_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039753
ЭКБ идентификаторы
229540
Редакция идентификаторы
I229540_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.09.2026 03:32
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кадастрды жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғат ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына 1-4 қосымшалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

8 Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 178 Бұйрыққа
қосымша
Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғат ресурстары министрлігіне
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.ecogeo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі: 1-ОБЗ ӘӘП
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" ____________ жай-күй бойынша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін
ЖСН/БСН
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­спа­сы­ның нө­мі­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық фор­му­ла­сы, қо­с­па­ның пай­ы­здық-құ­ра­уы­штық құ­ра­мы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
Әке­лу/әке­ту мақ­са­ты
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл ба­сы­на кө­ле­мі, тон­на
Өн­ді­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар, тон­на
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­лу
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды өн­ді­ру­ші­нің және жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды өн­ді­ру­ші­нің және жет­кі­зу­ші­нің ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖИЫ­НЫ:
-
-
-
-
-
-
2-кестенің жалғасы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­ту
Пай­да­ла­ны­л­ған неме­се са­ты­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл со­ңы­на кө­ле­мі, тон­на
мөл­ше­рі, тон­на
алушы­ның ата­уы
алушы­ның елі мен ме­кен­жайы
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды са­тып алушы­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі және ме­кен­жайы
11
12
13
14
15
16
-
-
-
Атауы _________________________
_______________________________
Мекенжайы ____________________
_______________________________
Телефоны__________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________
қолы ___________________________________________
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

9 Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп нысанына

қосымша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп (индексі: 1-ОБЗ ӘӘП, кезеңділігі: жылдық)
1. Осы түсініктеме "Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп" Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құрамында озонды бұзатын заттары бар заттар мен өнімдерді әкелу туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 20 қосымша) ІІІ бөлімінің 15-тармағына сәйкес, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылатын озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензияның орындалуы туралы ақпарат ұсынуға бірыңғай тәсіл мақсатында әзірленді.
3. Нысанды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын құрастырады және есепті кезең соңындағы жай-күй бойынша толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.
5. "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету оның негізінде жүргізілген рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.
6. "Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану" деген 2-кестеде:
1) 1-бағанда "Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі" МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспасының нөмірі көрсетіледі;
2) 2 және 3-бағандарда "Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі" МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың тиісті атауы және химиялық формуласы, қоспаның пайыздық-құрауыштық құрамы көрсетіледі;
3) 4-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы сыныптауыш коды көрсетіледі;
4) 5-бағанда озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету мақсаты, яғни көзделетін қолданылу салалары көрсетіледі;
5) 6-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық көлемі туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі;
6) 7-бағанда өндірілген озонды бұзатын заттардың мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет жоқ болған жағдайда 7-бағанда "-" сызықша қойылады. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет бар болған, алайда есепті кезеңде өндіріс жоқ болған (нөлдік өндіріс) жағдайда 7-бағанда "0" нөл көрсетіледі;
7) 8-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Импорттық қызмет жоқ болған жағдайда "-" сызықша қойылады. Импорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты импорт жоқ болған жағдайда "0" нөл қойылады;
8) 9-бағанда озонды бұзатын заттарды шетелдік өндірушінің және тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын беретін жеткізушінің (сатушының) толық ресми атауы көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіруші мен жеткізуші сәйкес келген жағдайда атауы тек бір рет көрсетіледі;
9) 10-бағанда озонды бұзатын заттарды шетелдік өндірушінің және тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын беретін жеткізушінің (сатушының) толық мекенжайы көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіруші мен жеткізуші сәйкес келген жағдайда атауы тек бір рет көрсетіледі;
10) 8-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 9 және 10-бағандар толтырылмайды;
11) 11-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Экспорттық қызмет жоқ болған жағдайда "-" сызықша қойылады. Экспорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты экспорт жоқ болған жағдайда "0" нөл қойылады;
12) 12-бағанда озонды бұзатын заттарды тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын алатын шетелдік алушының толық ресми атауы көрсетіледі;
13) 13-бағанда озонды бұзатын заттарды тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын алатын шетелдік алушының толық мекенжайы көрсетіледі;
14) 11-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 12 және 13-бағандар толтырылмайды;
15) 14-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты пайдаланылған немесе сатылған мөлшері (тоннада) әрбір сатып алушы бөлінісінде көрсетіледі. Әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланған жағдайда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың сомалық мөлшері көрсетіледі. Егер есепті жылы озонды бұзатын заттардың ешқандай мөлшері пайдаланылмаса немесе сатылмаса, 14-бағанда "0" нөл қойылады;
16) 15-бағанда 14-бағанда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келетін озонды бұзатын заттарды сатып алушының толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы көрсетіледі. 14-бағанда көрсетілген әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланылған жағдайда 15-бағанда "-" сызықша қойылады. Егер 14-бағанда нөл қойылса, онда 15-баған толтырылмайды;
17) 16-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі.

Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына

2-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғат ресурстары министрлігіне
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.ecogeo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі: 2-ОБЗ ОӨП
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" ____________ жай-күй бойынша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін
ЖСН/БСН
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­спа­сы­ның нө­мі­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық фор­му­ла­сы, қо­с­па­ның пай­ы­здық-құ­ра­уы­штық құ­ра­мы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
Әке­лу/әке­ту мақ­са­ты
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл ба­сы­на кө­ле­мі, тон­на
Өн­ді­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар, тон­на
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­лу/әке­ту
мөл­ше­рі, тон­на
заң­ды тұл­ға­ның неме­се да­ра кә­сіп­кер­дің ата­уы, озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­ды жет­кі­зу­ші­нің есеп­тік нө­мі­рі*
жет­кі­зу­ші­нің елі, ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖИЫ­НЫ:
-
-
-
-
-
-
2-кестенің жалғасы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­ту
Пай­да­ла­ны­л­ған неме­се са­ты­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл со­ңы­на кө­ле­мі, тон­на
мөл­ше­рі, тон­на
заң­ды тұл­ға­ның неме­се да­ра кә­сіп­кер­дің ата­уы, озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­ды алушы­ның есеп­тік нө­мі­рі*
алушы­ның елі мен ме­кен­жайы
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды са­тып алушы­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі және ме­кен­жайы
11
12
13
14
15
16
-
-
-
*Салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірлері:
Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН);
Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН);
Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН).
Атауы __________________________
_______________________________
Мекенжайы ____________________
_______________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________
қолы___________________________________________
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

11 Озонды бұзатын заттардың орнын ауыстыру, оларды өндіру және пайдалану туралы есеп нысанына

қосымша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп (индексі: 2-ОБЗ ОӨП, кезеңділігі: жылдық)
1. Осы түсініктеме "Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп" Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің 10-бабына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын құрастырады және есепті кезең соңындағы жай-күй бойынша толтырылады.
4. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.
5. "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету оның негізінде жүргізілген рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.
6. "Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану" деген 2-кестеде:
1) 1-бағанда "Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі" МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың (озонды бұзатын заттар қоспасының) нөмірі көрсетіледі;
2) 2 және 3-бағандарда "Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі" МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың тиісті атауы және химиялық формуласы, қоспаның пайыздық-құрауыштық құрамы көрсетіледі;
3) 4-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы сыныптауыш коды көрсетіледі;
4) 5-бағанда озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету мақсаты, яғни көзделетін қолданылу салалары көрсетіледі;
5) 6-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық көлемі туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі; 6) 7-бағанда өндірілген озонды бұзатын заттардың мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет жоқ болған жағдайда 7-бағанда "-" сызықша қойылады. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет бар болған, алайда есепті кезеңде өндіріс жоқ болған (нөлдік өндіріс) жағдайда 7-бағанда "0" нөл көрсетіледі;
7) 8-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Импорттық қызмет жоқ болған жағдайда "-" сызықша қойылады. Импорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты импорт жоқ болған жағдайда "0" нөл қойылады;
8) 9-бағанда салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын тиісті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірін көрсете отырып, озонды бұзатын заттарды жеткізушінің толық ресми атауы көрсетіледі: Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН); Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН); Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН);
9) 10-бағанда озонды бұзатын заттарды жеткізушінің елі және толық мекенжайы көрсетіледі;
10) 8-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 9 және 10-бағандар толтырылмайды;
11) 11-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Экспорттық қызмет жоқ болған жағдайда "-" сызықша қойылады. Экспорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты экспорт жоқ болған жағдайда "0" нөл қойылады;
12) 12-бағанда салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын тиісті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірін көрсете отырып, озонды бұзатын заттарды жеткізушінің толық ресми атауы көрсетіледі: Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН); Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН); Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН);
13) 13-бағанда озонды бұзатын заттарды жеткізушінің елі және толық мекенжайы көрсетіледі;
14) 11-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 12 және 13-бағандар толтырылмайды;
15) 14-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты пайдаланылған немесе сатылған мөлшері (тоннада) әрбір сатып алушы бөлінісінде көрсетіледі. Әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланған жағдайда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың сомалық мөлшері көрсетіледі. Егер есепті жылы озонды бұзатын заттардың ешқандай мөлшері пайдаланылмаса немесе сатылмаса, 14-бағанда "0" нөл қойылады;
16) 15-бағанда 14-бағанда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келетін озонды бұзатын заттарды сатып алушының толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы көрсетіледі. 14-бағанда көрсетілген әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланылған жағдайда 15-бағанда "-" сызықша қойылады. Егер 14-бағанда нөл қойылса, онда 15-баған толтырылмайды;
17) 16-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі.

Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына

3-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғат ресурстары министрлігіне
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.ecogeo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі: 3-ОБЗ ЖЕ
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы "_____" ____________ жай-күй бойынша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей
ЖСН/БСН
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың ата­уы
Есеп­ті жы­лы өн­ді­рі­л­ген жаб­дық­тар­дың са­ны, да­на
Қол­да­ны­ла­тын озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Өнім бір­лі­гіне озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
Жал­пы өн­ді­рі­л­ген өнім­ге озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
3-кесте. Өнімді өндірген кезде озонды бұзатын заттарды пайдалану
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар өнім­нің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Есеп­ті жы­лы өн­ді­рі­л­ген өнім мөл­ше­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Өнім бір­лі­гіне озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
Жал­пы өн­ді­рі­л­ген өнім­ге озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
4-кесте. Озонды бұзатын заттарды басқа да химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде немесе өзге де технологиялық процестерде пайдалану
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар өнім­нің ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы са­тып алын­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Есеп­ті жы­лы пай­да­ла­ны­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­ту­шы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
7
5-кесте. Озонды бұзатын заттарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы са­тып алын­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Есеп­ті жы­лы пай­да­ла­ны­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­ту­шы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
7
6-кесте. Озонды бұзатын заттарды тасымалдау
Озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы
Тасымалданатын озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері, тонна
Жүк жөнелтуші, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, жөнелту мекенжайы
Жүк алушы, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, жеткізу мекенжайы
1
2
3
4
7-кесте. Озонды бұзатын заттарды сақтау
Озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы
Жылдың басында сақтауда тұрған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері, килограмм
Сақтауда тұрып, өткізілген озонды бұзатын заттар/озонды бұзатын заттардың қоспалары, килограмм
Озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі
Жыл соңында сақтауда тұрған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері, килограмм
1
2
3
4
5
ЖИЫНЫ:
-
8-кесте. Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да бар бо­луы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры, ки­ло­грамм
Өт­кі­зі­л­ген/пай­да­ла­ны­л­ған ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да, ки­ло­грамм
Қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да бар бо­луы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­тып алушы, , биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
ИТО­ГО:
-
8-кестенің жалғасы
Өт­кі­зі­л­ген/қай­та­ла­ма пай­да­ла­ны­л­ған қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Қай­та ай­на­лым­ға қо­сы­л­ған қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­рын за­лал­сыздан­ды­ру
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­тып алушы, , биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
за­лал­сыздан­ды­ру жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­гия
9
10
11
12
13
14
-
-
Атауы __________________________
_______________________________
Мекенжайы ____________________
_______________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________
қолы ______________________________________
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

13 Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп нысанына

қосымша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп (индексі: 3-ОБЗ ЖЕ, кезеңділігі: жылдық)
1. Осы түсініктеме "Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп" Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 310-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша әрбір қызмет түріне жекелей құрастырады.
4. Озонды бұзатын заттарды тасымалдау қауіпті қалдықтарды тасымалдау саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Әрбір кесте тиісті қызмет түрі жүзеге асырылған жағдайда ғана толтырылады. Теріс жағдайда кесте толтырылмай қалдырылады.
6. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.
7. "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша қызмет оның негізінде жүзеге асырылатын рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.
8. "Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру" деген 2-кестеде:
1) 1-бағанда өндірілген жабдықтардың атауы (мысалға, тоңазытқыш немесе климаттық жабдықтары) көрсетіледі;
2) 2-бағанда өндірілген жабдықтардың саны (данада) көрсетіледі;
3) 3-бағанда жабдықтарға құйылатын озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
4) 4-бағанда өндірілген жабдықтар бірлігіне құйылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
5) 5-бағанда барлық өндірілген жабдықтарға құйылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
9. "Өнімді өндірген кезде озонды бұзатын заттарды пайдалану" деген 3-кестеде:
1) 1-бағанда құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімнің атауы (мысалға, пенополеуретан) көрсетіледі;
2) 2-бағанда өндірілген өнімнің өлшем бірлігі көрсетіледі;
3) 3-бағанда өндірілген өнімнің мөлшері көрсетіледі;
4) 4-бағанында өнімді өндірген кезде пайдаланылатын озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
5) 5-бағанда өндірілген өнім бірлігіне пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
6) 6-бағанда өндірілген өнімнің жалпы көлемін өндірген кезде пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
10. "Озонды бұзатын заттарды басқа да химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде немесе өзге де технологиялық процестерде пайдалану" деген 4-кестеде:
1) 1-бағанда басқа химиялық заттарды өндірген кезде пайдаланылған және осы процестің барысында толығымен түрлендірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың басындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
3) 3-бағанда сатып алынған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттар қоспаларын сатушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;
5) 5-бағанда озонды бұзатын заттар/озонды бұзатын заттардың қоспалары пайдаланылатын технологиялық процестің атауы көрсетіледі;
6) 6-бағанда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
7) 7-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың соңындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
11. "Озонды бұзатын заттарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдалану" деген 5-кестеде:
1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың басындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
3) 3-бағанда сатып алынған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
5) 5-бағанда онда озонды бұзатын заттар/озонды бұзатын заттардың қоспалары пайдаланылатын технологиялық процестің атауы көрсетіледі;
6) 6-бағанда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
7) 7-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жылдың соңындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
12. "Озонды бұзатын заттарды тасымалдау" деген 6-кестеде:
1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда тасымалданған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (тоннада) көрсетіледі;
3) 3-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жүк жөнелтушісінің толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды және жөнелту мекенжайы көрсетіледі;
4) 4-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жүк алушысының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды және жөнелту мекенжайы көрсетіледі.
13. "Озонды бұзатын заттарды сақтау" деген 7-кестеде:
1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда есепті жылдың басында сақтауда тұрған теңгерімдегі озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
3) 3-бағанда есепті жылы өткізілген сақтауда тұрған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;
5) 5-бағанда есепті жылдың соңында сақтауда тұрған теңгерімдегі озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі.
14. "Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру" деген 8-кестеде:
1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;
2) 2-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
3) 3-бағанда есепті жылы рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
4) 4-бағанда өткізілген және (немесе) рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
5) 5-бағанда рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі. Меншікті қажеттіліктерге пайдаланған немесе оларды одан әрі қалпына келтіруге бағыттаған жағдайда пайдалану бағыты туралы ақпарат көрсетіледі;
6) 6-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
7) 7-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
8) 8-бағанда есепті жылы қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
9) 9-бағанда өткізілген және (немесе) пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
10) 10-бағанда қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі. Меншікті қажеттіліктерге қайталама пайдаланған жағдайда пайдалану бағыты туралы ақпарат көрсетіледі;
11) Қосарлы есепке алуды болдырмау мақсатында "Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру" деген 8-кестенің 11 және 12-бағандарын қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушылар ғана толтырады;
12) 11-бағанда сатып алынған қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
13) 12-бағанда қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын қайталама пайдалану бағыттары көрсетіледі;
14) 13-бағанда залалсыздандырылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;
15) 14-бағанда рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын залалсыздандыру оның көмегімен жүргізілген технология көрсетіледі. Технологиялар тізбесін озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары бекітеді.

Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына

4-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғат ресурстары министрлігіне
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.ecogeo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі: 4-ОБЗ ТЕ
Кезеңділігі: -
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: құрамында озонды бұзатын заттары бар (соның ішінде озонды бұзатын заттармен жұмыс істеумен байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын алуды талап етпейтін) жабдықтар мен техникалық құрылғылары теңгерімінде бар заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: бастапқыда 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей, өзгерістер енгізілген жағдайда – 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей қайталама
ЖСН/БСН
(деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде ұсынылған жағдайда толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық түрде.
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
2-кесте. Құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтар мен техникалық құрылғылар туралы мәліметтер
Р/с №
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың ор­на­лас­қан же­рі
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың ата­уы, мүк­әм­мал нө­мі­рі
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ес­керт­пе
мо­де­лі, се­ри­я­лық нө­мі­рі
бір­лік са­ны, да­на
пай­да­ла­ны­ла­тын озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның кө­ле­мі, ки­ло­грамм
жаб­дық­тар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну мәр­те­бе­сі
жа­сал­ған жы­лы
бір бір­лік­те
бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Атауы__________________________
_______________________________
Мекенжайы ____________________
_______________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________
қолы___________________________________________
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

15 Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп нысанына

қосымша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп (индексі: 4-ОБЗ ТЕ, кезеңділігі: -)

1. Осы түсініктеме "Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп" Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 310-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды озонды бұзатын заттармен жұмыс істеумен байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын алу міндеттеріне қарамастан құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтар мен техникалық құрылғылары теңгерімінде бар заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер бастапқыда 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей, өзгерістер енгізілген жағдайда қайталама құрастырады.

4. Нысан озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу барысында алынған нақты деректер, және өндірістік, бухгалтерлік және қоймалық есепке алу деректерінің негізінде толтырылады.

5. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.

6. "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта) көрсетіледі.

7. "Озонды бұзатын заттарды түгендеу туралы мәліметтер" деген 2-кестеде:

1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кезекті ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;

2) 2-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың орналасқан жері (цехтің, технологиялық процестің атауы мен нөмірі, мекенжайы) көрсетіледі;

3) 3-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың атауы, қолда бар бухгалтерлік құжаттамаға (бастапқы есепке алу құжаттарына) сәйкес мүкәммал нөмірі көрсетіледі;

4) 4-бағанда жабдықтардың паспорттық деректеріне және (немесе) олардағы таңбалануға сәйкес жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың моделі мен сериялық нөмірі көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда "белгісіз" деген жазу жазылады;

5) 5-бағанда жабдықтар мен технологиялық қондырғыларды тікелей есептеу негізінде анықталатын түрінің 4-бағанға сәйкес келетін моделіне сәйкес келетін жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың бірлік саны (дана) жазылады;

6) 6-бағанда озонды бұзатын заттардың немесе олардың қоспаларының атауы көрсетіледі;

7) 7-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың бірлігіндегі озонды бұзатын заттардың мөлшері жабдықтардың паспорттық деректерінің және (немесе) олардағы таңбаланудың негізінде (килограммда) көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда "белгісіз" деген жазу жазылады;

8) 8-бағанда модельдері бірдей жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың құрамында бар озонды бұзатын заттардың жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда "белгісіз" деген жазу жазылады;

9) 9-бағанда құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды немесе технологиялық қондырғыларды пайдалану мәртебесі (сипаттамасы) көрсетіледі: "пайдаланылуда", "резервтік", "консерваниялануда", "демонтаждалған", "пайдаланудан шығарылған";

10) 10-бағанда жабдықтардың паспорттық деректеріне және (немесе) олардағы таңбалануға сәйкес жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың жасалған жылы көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде жабдықтарды немесе технологиялық қондырғыларды жеткізу жылы қойылады. Жасалған және жеткізілген жылдары туралы деректер болмаған кезде бағанда "белгісіз" деген жазу жазылады;

11) 11-бағанда бар озонды бұзатын заттар туралы қосымша мәліметтер (есепті құраушының қалауы бойынша) көрсетіледі.