Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 208 «Об утверждении Правил ведения автоматизированной системы мониторинга эмиссий в окружающую среду при проведении производственного экологического контроля»

Бұйрық · № 185 · қабылданған 08.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2021-no-208-ekb-182842/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 208 «Об утверждении Правил ведения автоматизированной системы мониторинга эмиссий в окружающую среду при проведении производственного экологического контроля» Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·08.06.2023
08.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 208 «Об утверждении Правил ведения автоматизированной системы мониторинга эмиссий в окружающую среду при проведении производственного экологического контроля»

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 июня 2021 года № 208 «Об утверждении Правил ведения автоматизированной системы мониторинга эмиссий в окружающую среду при проведении производственного экологического контроля»
Атауы (қаз.)
«Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
08.06.2023
Көрсетілген редакция
08.06.2023 182842_636502.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032762
ЭКБ идентификаторы
182842
Редакция идентификаторы
182842_636502
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:28

0

«Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №208 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақтан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №208 бұйрығымен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 2021 жылдың 22 шілдесінде № 23659) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларында:
17 – тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда берілсін:
«17. I санаттағы объектіден жерүсті су объектісіне немесе жергілікті жердің бедеріне (буландырғыштар мен жинақтағыштардың тоғандарын қоспағанда) бұрылатын сарқынды сулардың шығарылымдары мынадай параметрлермен мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жарақтандыруға жатады:»;
29 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда берілсін:
«2) әрбір 20 минут ішінде осы Қағидаға берілген 3 – қосымшаға сәйкес нысанда орташаланған ластаушы заттар шығарындыларын (концентрацияларын) өлшеу нәтижелері туралы ақпаратты осы Қағиданың 3 – қосымшасына сәйкес нысанда беру. Беру SOAP сервисінің көмегімен заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы немесе JSON форматы немесе REST сервис арқылы жүзеге асырылады.»;
Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3 – қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ығарындыларын өлшеуге негізделген нәтижелер

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 185 бұйрығына
қосымша
Өндірістік экологиялық
бақылау жүргізу кезінде
қоршаған ортаға эмиссиялар
мониторингінің автоматтандырылған
жүйесін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ығарындыларын өлшеуге негізделген нәтижелер
Шы­ға­рын­ды кө­зі
Уа­қыт­тың ағым­да­ғы мәні
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бел­гі­лен­ген нор­ма­тив
Нақ­ты көр­сет­кіш
От­те­гі­нің кон­цен­тра­ци­я­сы неме­се ар­тық ауа ко­эф­фи­ци­ен­ті
Бө­лі­не­тін га­з­дар­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы
Ар­тық қы­сым (си­ре­ту)
Ылғал­ды­лық
су буы­ның кон­цен­тра­ци­я­сы
бө­лі­не­тін га­з­дар ағы­ны­ның жыл­дамды­ғы
газ-ауа қо­спа­сы­ның кө­ле­мі
ата­уы
нө­мі­рі
Кү­ні, айы, жы­лы
Са­ғат, ми­ну­ты, се­кун­ды
мг/м3
г/с
мг/м3
г/с
%

кПа
%
мг/м3
м/с
нм3/с
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Алау қондырғыларындағы шығарындылар мониторингінің нәтижелері
Шығарынды көзі
Уақыттың ағымдағы мәні
Ластаушы заттардың атауы
Газ шығының көлемі
Тығыздығы
Газдың құрамы
атауы
нөмірі
Күні, айы, жылы
Сағат, минуты, секунды
м3/час, м3/с
кг/м3
в мольных %
1
2
3
4
5
6
8
9
Ағынды суларды өлшеуге негізделген нәтижелер
Объектінің атауы
Төгу орнының координаттары (су шығару№)
Уақыттың ағымдағы мәні
Көрсеткіштердің атауы
Нормативтер / фондық көрсеткіштер
Нақты нәтиже
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы