О внесении дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 21/3 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Павлодарской области при амбулаторном лечении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 21/3 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Павлодарской области при амбулаторном лечении»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188/15
- Қабылданған күні
- 07.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2024 171484_697736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22P0029528
- ЭКБ идентификаторы
- 171484
- Редакция идентификаторы
- 171484_697736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:15
0
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша берілетін дәрілік заттар» бөлімі мынадай тармақтармен толықтырылсын:
«42. «Цинрайз», тұқым қуалайтын ангионевроздық синдром ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
43. «Имукин», бастапқы иммун тапшылығы ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді;
44. «Тедуглутид», қысқа ішек синдромы ауруы бар азаматтарға инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат;
45. «Селексипаг», өкпе гипертензиясы ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
46. «Сиролимус», лимфангиолейомиоматоз ауруы бар азаматтарға арналған таблетка.
47. «Менадион натрий бисульфиті тригидраты», инъекцияға арналған ерітінді, Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын мамандандырылған емдік өнімдер» бөлімі келесі тармақтармен толықтырылсын:
«23. «Малоежка педиашур», меннингоэнцефалит, басқа милық салданудың түрлері, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аллергиялық компонент басым демікпе, басқа да туа біткен гидроцефалия, субарахноидты қан кетудің салдары, спастикалық тетрапарез, апалик синдромы, эпилепсия, көмей стенозы; гидроцефалия ауруы бар азаматтарға қаптама.
24. «Малоежка құрғақ қоспасы», меннингоэнцефалит, басқа милық салданудың түрлері, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, аллергиялық компонент басым демікпе, басқа да туа біткен гидроцефалия, субарахноидты қан кетудің салдары, спастикалық тетрапарез, апалик синдромы, эпилепсия, көмей стенозы; гидроцефалия ауруы бар азаматтарға қаптама.
25. «Пептамен Юниор», Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға қаптама.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын медициналық бұйымдар» бөлімі мынадай тармақпен толықтырылсын:
«46. GR 5-25 м. торлы және түтікшелі бекіткіш жаратаңғыш (түтікшелі жаратаңғыштан жасалған таңғыш), медициналық бұйым, Ледд синдромының, жіңішке ішектің түйілуі және нектозы нәтижесіндегі қысқа ішек синдромы бар азаматтарға.».