О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 24/3 «Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 24/3 «Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных на территории Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 «Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180/14
- Қабылданған күні
- 08.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2022 170562_587087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22P0018014
- ЭКБ идентификаторы
- 170562
- Редакция идентификаторы
- 170562_587087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:44
0 Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 «Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 24/3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 2 тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: «2) жануар иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 7 тармағының келесі редакцияда жазылсын: «7. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 245-бабы 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.».