О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 22 ноября 2021 года № 528 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление финансов акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Костанайской области от 22 ноября 2021 года № 528 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление финансов акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 528 «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 24.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2023 182020_633168.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000209A
- ЭКБ идентификаторы
- 182020
- Редакция идентификаторы
- 182020_633168
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:47
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 528 «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 22 қарашадағы № 528 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта:
22) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) облыстық коммуналдық мүлікті (облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны жалға беру, өтеусіз пайдалану туралы шешім қабылдайды;»;
30), 36), 39), 40) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«30) акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру өкілеттіктеріне сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншікте болатын мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;»;
«36) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды, акцияларының мемлекеттік пакеттері, жарғылық капиталындағы қатысу үлестері облыстық коммуналдық меншікте болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта құру, тарату, қайта атау, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құжаттарды қарастырады;»;
«39) сыйға тарту шарты бойынша мүлікті облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;
40) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі құжаттарды қарастырады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтыру жөнінде әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;