О внесении изменения и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 22 февраля 2022 года № 13 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 22 февраля 2022 года № 13 «Об утверждении Правил представления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции»
- Атауы (қаз.)
- «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 01.04.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2025 208776_752500.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035923
- ЭКБ идентификаторы
- 208776
- Редакция идентификаторы
- 208776_752500
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:17
0 «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының
2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілерінде 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
биржалардың, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлердің, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтарының операцияларды жүзеге асыруы кезінде
»;
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының 4-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлерінің кодтары анықтамалығын мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
024
Өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер
025
Тауар биржаларының клирингтік орталықтары
».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі