О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 22 июня 2022 года № 141 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 22 июня 2022 года № 141 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 208280_748618.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25T000051A
- ЭКБ идентификаторы
- 208280
- Редакция идентификаторы
- 208280_748618
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:51
0 «Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1.«Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
4 Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Атырау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 51 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «22» маусымдағы
№ 141 қаулысына
қосымша
Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Мектепке дейінгі білім беру ұйымда рындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны
Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге)
Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар
Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар
Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері
Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері
Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар
ауыл
қала
ауыл
қала
ауыл
қала
1
34 128
62 027
55 659
113 429
100 163
93 928
83 315
27 380
24 550