Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июня 2022 года № 48 «Об утверждении Правил формирования регулирующими государственными органами системы оценки и управления рисками и о внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 3 «Об утверждении Правил формирования государственными органами системы оценки рисков и формы проверочных листов»

Бұйрық · № 35 · қабылданған 24.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2022-no-48-31-2018-no-3-ekb-198017/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июня 2022 года № 48 «Об утверждении Правил формирования регулирующими государственными органами системы оценки и управления рисками и о внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 3 «Об утверждении Правил формирования государственными органами системы оценки рисков и формы проверочных листов» Қолданыста Бұйрық ·№ 35 ·24.06.2024
24.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июня 2022 года № 48 «Об утверждении Правил формирования регулирующими государственными органами системы оценки и управления рисками и о внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 3 «Об утверждении Правил формирования государственными органами системы оценки рисков и формы проверочных листов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 35 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 июня 2022 года № 48 «Об утверждении Правил формирования регулирующими государственными органами системы оценки и управления рисками и о внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 июля 2018 года № 3 «Об утверждении Правил формирования государственными органами системы оценки рисков и формы проверочных листов»
Атауы (қаз.)
«Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына толықтыру
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
35
Қабылданған күні
24.06.2024
Көрсетілген редакция
24.06.2024 198017_706879.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034564
ЭКБ идентификаторы
198017
Редакция идентификаторы
198017_706879
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:54

0

«Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
«21-1. График талаптарға сәйкестігіне тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.
График тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесінде жыл сайынғы негізде талаптарға сәйкестігіне тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты автоматты түрде қалыптастырылады.
Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жарияланады.
21-2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.
Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі қамтылған ақпараттық жүйе болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері міндетті түрде «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

Қолданыстағы