Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 579 «Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда»

Бұйрық · № 244 · қабылданған 14.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2022-no-579/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 579 «Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 244 ·14.10.2024
14.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 579 «Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 244 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 579 «Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда»
Атауы (қаз.)
«Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
244
Қабылданған күні
14.10.2024
Көрсетілген редакция
14.10.2024 201752_724292.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035267
ЭКБ идентификаторы
201752
Редакция идентификаторы
201752_724292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:12

0 «Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы
№ 579 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29286 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларында:
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Форма, предназначаенная для сбора административных данных

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 14 қазандағы
№ 244 бұйрығына
қосымша
Полигон операторының
тарату қорын қалыптастыру
қағидаларына қосымша
нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Форма, предназначаенная для сбора административных данных
Ұсынылады: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
Предоставляется: Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru
Форма административных данных размещена на интернет-ресурсе: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru
Әкімшілік деректердің атауы: «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер»
Наименование административных данных: «Сведения об отчислениях в ликвидационный фонд»
Индексі нысаны: № 1-ТҚ /Индекс: форма № 1-ЛФ
Кезеңділігі: жылдық /Периодичность: годовая
есепті кезең: 20__жыл /период: 20__год
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қалдықтарды көму полигонының иелері
Круг лиц, представляющих информацию: владельцы полигонов захоронения отходов
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін.
Срок представления формы административных данных: ежегодно до 31 марта года, следующего за отчетным периодом.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
ИИН/БИН
(не заполняется в случае представления данных физическими лицами, а также в агрегированном виде)

Өңір/Ре­ги­он
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уіш ко­ды /Код клас­си­фи­ка­тор ад­ми­ни­стра­тив­но-тер­ри­то­ри­аль­ных объ­ек­тов
По­ли­гон опе­ра­то­ры­ның ата­уы /На­име­но­ва­ние опе­ра­то­ра по­ли­го­на
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Биз­нес-иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер/ Ин­ди­ви­ду­аль­ный иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер
По­ли­гон­ның ор­на­лас­қан же­рі /Ме­сто­по­ло­же­ние по­ли­го­на
По­ли­гон жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі /Ка­даст­ро­вый но­мер зе­мель­но­го участ­ка по­ли­го­на
Бе­не­фи­ци­ар­дың ата­уы /На­име­но­ва­ние бан­ка бе­не­фи­ци­а­ра
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­гі неме­се бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi ор­та­лық уәкiлет­тi ор­ган­да­ғы та­ра­ту қо­рын қа­лып­та­сты­ру үшін шот нө­мі­рі /Но­мер сче­та для фор­ми­ро­ва­ния лик­ви­да­ци­он­но­го фон­да в бан­ке вто­ро­го уров­ня или в цен­траль­ном упол­но­мо­чен­ном ор­гане по ис­пол­не­нию бюд­же­та
Шот­тың жай-күйі (со­ма­сы), мың тең­ге /Со­сто­я­ние сче­та (сум­ма), ты­сяч тен­ге
Ес­керт­пе /При­ме­ча­ние
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Полигон операторының атауы /Наименование оператора полигона__________
____________________________________________________________________
Мекенжайы (полигонның орналасқан жері) /Адрес (местоположение полигона)
__________________________________________________________________
Полигон операторының орындаушысының телефоны /Телефон исполнителя
оператора полигона____________
Полигон операторының электрондық пошта мекенжайы /Адрес электронной
почты оператора полигона ___________
Орындаушы/Исполнитель____________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
/фамилия, имя и отчество (при ее наличии) подпись
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға /Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности _________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
/фамилия, имя и отчество (при ее наличии) подпись

1 «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ТҚ нысаны, жылдық)

«Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
«Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік
деректерге арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(1-ТҚ нысаны, жылдық)

1

1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау үшін «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысан тиісті полигон операторларымен толтырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

3 3. Нысан тегі мен инициалдарын көрсете отырып басшымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғасымен (басшының міндетін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қойылады.

4 4. Нысан қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде беріледі.

5 5. № 1-ТҚ нысаны келесідей толтырылады:

2-бағанда деректер сұратылатын өңірлер көрсетіледі;
3-бағанда ҚР ҰЖ.11-2021 әкімшілік аумақтық объектілері жіктеуішіне сәйкес өңірлердің коды көрсетіледі;
4-бағанда полигон операторының атауы көрсетіледі;
5-бағанда заңды тұлғаларға бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке кәсіпкерлерге жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
6-бағанда полигонның орналасқан жері (координаттары немесе мекенжайы) көрсетіледі;
7-бағанда полигонның орналасқан жері сұратылып отырған тиісті деректер көрсетіледі;
8-бағанда бенефициардың атауы көрсетіледі;
9-бағанда екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі көрсетіледі;
10-бағанда шоттың жай-күйі (сомасы), мың теңге көрсетіледі;
11-бағанда болған жағдайда ескертпелер көрсетіледі.

Қолданыстағы