О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 458 «Об утверждении предельных цен розничной реализации сжиженного нефтяного газа в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне товарных бирж для автогазозаправочных станций на территории Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 458 «Об утверждении предельных цен розничной реализации сжиженного нефтяного газа в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан вне товарных бирж для автогазозаправочных станций на территории Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45-н/қ
- Қабылданған күні
- 29.01.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2025 206831_742740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25JVM00045
- ЭКБ идентификаторы
- 206831
- Редакция идентификаторы
- 206831_742740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:16
0
«Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 45-н/қ
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 458
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары
№
Атауы
Тауар нарығының географиялық шекаралары
Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
Облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
1.
Сұйытылған мұнай газы
Астана қаласы
102
-
2.
Алматы қаласы
102
-
3.
Ақтөбе облысы
77
82
4.
Атырау облысы
77
82
5.
Ақмола облысы
102
107
6.
Алматы облысы
102
107
7.
Шығыс Қазақстан облысы
102
107
8.
Жамбыл облысы
90
95
9.
Батыс Қазақстан облысы
77
82
10.
Қостанай облысы
102
107
11.
Қызылорда облысы
90
95
12.
Қарағанды облысы
102
107
13.
Маңғыстау облысы
65
70
14.
Павлодар облысы
102
107
15.
Солтүстік Қазақстан облысы
102
107
16.
Түркістан облысы
90
95
17.
Шымкент қаласы
90
-
18.
Абай облысы
102
107
19.
Жетісу облысы
102
107
20.
Ұлытау облысы
102
107