Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 декабря 2023 года № 8С-19/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Өзге акт · № 8С-73/9 · қабылданған 15.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2023-no-8-193-ekb-230052/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 декабря 2023 года № 8С-19/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе» Күшіне енбеген 15.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 декабря 2023 года № 8С-19/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»

Күшіне енбеген Өзге акт № 8С-73/9 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 декабря 2023 года № 8С-19/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаркаинском районе»
Атауы (қаз.)
«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8С-73/9
Қабылданған күні
15.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.09.2026
Көрсетілген редакция
15.09.2026 I230052_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BL08739M
ЭКБ идентификаторы
230052
Редакция идентификаторы
I230052_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 27.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. « Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8677-03 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында айқындалған Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жарқайың аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

Жарқайың аудандық мәслихатының
шешіміне 1-қосымша
Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Жарқайың ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрi - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Жарқайың ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар Жарқайың ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) әлеуметтік көмек - Жарқайың ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

5) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

6) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

7) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

8) мереке күндері (бұдан әрі – атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

11) шекті мөлшері - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

5. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, жылына бір рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі, өтініш жасалған айдан бастап жүзеге асырылады.

6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

6) 1 қазан - Қарттар күні;

7) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;

8) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

2 -тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;

4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.

Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:

1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалар мен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшыларға мен қызметшiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне:

1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерге 5000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілерге, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 5000 000 (бес миллион ) теңге мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата - анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

6) 1 қазан - Қарттар күніне:

ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8) 16 желтоқсан - Тəуелсіздік күніне:

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет өтініш бойынша 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшеріне дейін, кірістерді есепке алмағанда;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет өтініш бойынша 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке шекті мөлшеріне дейін, кірістерді есепке алмағанда;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

4) амбулаториялық емдеудегі белсенді түрдегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 ай бойы өтініш бойынша 15 (он бес ) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын өтініш бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

6) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер шығыстарына ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік шекті мөлшерде;

7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 8- баптарында көрсетілген адамдарға өтініш бойынша коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

8) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдарға және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет өтініш бойынша 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

9) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет өтініш бойынша 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

10) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда.».

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады;

4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, төлемдерді жүзеге асыру, тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді алу осы негіз бойынша.

13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Жарқайың ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

14. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберу;

4) өтініш беруші ұсынған дұрыс емес мәліметтер анықталғаны;

5) әлеуметтік көмек көрсету негіздерін жоғалту туралы мәліметтерді анықтау.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеуге қолданылмайды,
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.

15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.