О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 января 2024 года № 23 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 января 2024 года № 23 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 23 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 17.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.12.2024 204852_735719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24V000307A
- ЭКБ идентификаторы
- 204852
- Редакция идентификаторы
- 204852_735719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:50
0 «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы
22 қаңтардағы № 23 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 23 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14 14-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
37-1 «37-1) елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерінде орналасқан жасыл екпелерді күтіп-баптауды қамтамасыз етеді»;
2 2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;