Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 72 «Об утверждении Правил ведения перечня приоритетных видов деятельности, осуществляемых на территории специальных экономических зон и Перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон»

Бұйрық · № 153 · қабылданған 05.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2024-no-72-ekb-209885/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 72 «Об утверждении Правил ведения перечня приоритетных видов деятельности, осуществляемых на территории специальных экономических зон и Перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон» Қолданыста Бұйрық ·№ 153 ·05.05.2025
05.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 72 «Об утверждении Правил ведения перечня приоритетных видов деятельности, осуществляемых на территории специальных экономических зон и Перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон»

Қолданыста Бұйрық ·№ 153 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 22 февраля 2024 года № 72 «Об утверждении Правил ведения перечня приоритетных видов деятельности, осуществляемых на территории специальных экономических зон и Перечня приоритетных видов деятельности в разрезе специальных экономических зон»
Атауы (қаз.)
«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153
Қабылданған күні
05.05.2025
Көрсетілген редакция
05.05.2025 209885_757243.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036086
ЭКБ идентификаторы
209885
Редакция идентификаторы
209885_757243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:38

0

«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
2-қосымшаның 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы:
1) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;
2) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;
3) тоқу өндірісі;
4) маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу;
5) аяқ киім өндірісі;
6) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
7) қағаз және картон өндірісі;
8) гофрленген қағаз және картон, қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
9) асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;
10) бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі;
11) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
12) су құрылыстарын салу;
13) жүктерді қоймалау және сақтау;
14) жүктерді көліктік өңдеу;
15) құрлық көлігінің қосалқы қызметі;
16) өзге де қосалқы көлік қызметі;
17) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 18) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
18) үй жануарларына арналған дайын азық өндіру.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы