О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 185 «Об утверждении Правил составления, представления, рассмотрения бюджетного запроса»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2025 года № 185 «Об утверждении Правил составления, представления, рассмотрения бюджетного запроса»
- Атауы (қаз.)
- «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 572
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 229292_840754.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26E0000572
- ЭКБ идентификаторы
- 229292
- Редакция идентификаторы
- 229292_840754
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:08
0 «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде инвестициялық жобалар болған кезде осы Қағидаларға 84-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуы жасалады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың таратылып жазылуында 84-қосымшада:
«жоспарлы кезең басталғанға дейін қаржыландыру» деген 4-бағанда жобаға бөлінген қаражат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен;
«сала» деген жолда жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер; қорғаныс; қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі; білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым; сумен жабдықтау және канализация; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; газбен жабдықтау; жылу энергетикасы; ауыл шаруашылығы; қоршаған ортаны қорғау; су ресурстары; өнеркәсіп; тасымалдау; коммуникациялар; басқалары;
«облыс (өңір)» деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы;
«жоба мәртебесі (іске асырылып жатқан/жаңа жобалар)» деген жолда жоспарлы кезең басталғанға дейін республикалық бюджеттен қаржыландыру болмаған жобалар жаңа жобалар болып табылады.
Әрбір жоба бойынша бюджеттік инвестицияларға арналған шығыстар конкурстық рәсімдерді өткізуге қажетті уақытты ескере отырып, тиісті құжаттамада (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) белгіленген іске асырудың нормативтік кезеңінен асатын қаржыландыру кезеңімен мәлімделмейді.
84-қосымша сондай-ақ 441 және 512 ерекшелiктерi бойынша шығыстарды есептеу кезінде қолданылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілген және жоспарлы кезеңде іске асыруға жоспарланған жаңа бюджеттік инвестициялар бойынша шығыстар:
мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының құрамында жобалардың болуы;
мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;
егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптаманың оң қорытындысының;
тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысының негізінде жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесінің қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;