Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Рудненский городской отдел строительства» акимата города Рудного на земельный участок для строительства газопровода к микрорайонам малоэтажной застройки 22, 26, 27
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Рудненский городской отдел строительства» акимата города Рудного на земельный участок для строительства газопровода к микрорайонам малоэтажной застройки 22, 26, 27
- Атауы (қаз.)
- Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 22, 26, 27 аз қабатты құрылыс шағын аудандарына газ құбырын салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 06.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 120204_306254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NN007639
- ЭКБ идентификаторы
- 120204
- Редакция идентификаторы
- 120204_306254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:28
0 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 22, 26, 27 аз қабатты құрылыс шағын аудандарына газ құбырын салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы 22, 26, 27 шағын аудандары мекенжайы бойынша орналасқан 22, 26, 27 аз қабатты құрылыс шағын аудандарына газ құбырын салу үшін алаңы 9,2240 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитуты белгіленсін.
2 2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;