О внесении изменения в решение 22 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 марта 2014 года № 7 "Об утверждении Регламента Бухар-Жырауского районного маслихата"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 22 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 марта 2014 года № 7 "Об утверждении Регламента Бухар-Жырауского районного маслихата"
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 31.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2017 84441_277371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KK002822
- ЭКБ идентификаторы
- 84441
- Редакция идентификаторы
- 84441_277371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:07
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1.
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 «Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2624 болып тіркелген, 2014 жылы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентінде:
8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«8. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.
Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.».
2 2.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.