Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года

Заң · № 247-VI · қабылданған 19.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-1995/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года Қолданыста Заң ·№ 247-VI ·19.04.2019
19.04.2019 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года

Қолданыста Заң ·№ 247-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе города Байконур, порядке формирования и статусе его органов исполнительной власти от 23 декабря 1995 года
Атауы (қаз.)
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
247-VI
Қабылданған күні
19.04.2019
Көрсетілген редакция
19.04.2019 130742_411691.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1900000247
ЭКБ идентификаторы
130742
Редакция идентификаторы
130742_411691
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:17

0 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу

туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2016 жылғы 26 желтоқсанда
Санкт-Петербургте жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет
орғандарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
Келісімнің 10-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Байқоңыр" кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшесі (кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыруға қатысты бөлігінде), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлімшесі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңырдағы филиалы.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігінде қайта тіркеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдарының атаулары және (немесе) функциялары өзгерген жағдайда Қазақстан Тарапы бұл туралы Ресей Тарапын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Осы тармақта көзделген Байқоңыр қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесі Тараптар арасында ноталар алмасу арқылы ресімделетін келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.".

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасы
үшін
Ресей Федерациясы
үшін

Қолданыстағы