Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

"О внесении изменений и дополнений в постановление Государственного комитета Республики Казахстан от 23 мая 1996 г. N 381

Қаулы · № 231 · қабылданған 01.08.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-1996-n-381/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
"О внесении изменений и дополнений в постановление Государственного комитета Республики Казахстан от 23 мая 1996 г. N 381 Күшін жойған 21.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

"О внесении изменений и дополнений в постановление Государственного комитета Республики Казахстан от 23 мая 1996 г. N 381

Күшін жойған Қаулы № 231 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"О внесении изменений и дополнений в постановление Государственного комитета Республики Казахстан от 23 мая 1996 г. N 381
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
231
Қабылданған күні
01.08.1997
Көрсетілген редакция
21.10.1998 AI3620_1.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V970000048_
ЭКБ идентификаторы
3620
Редакция идентификаторы
AI3620_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998.10.22. N 618 қаулысымен.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру бойынша тендерлер өткiзуге байланысты қызметтерiн реттеу мақсатында Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 "Кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
6-баптың 6-тармағының 2-бөлiмi 6-баптың 4-тармағының 2-бөлiмi болып саналсын;
6-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тендерге қатысушылардың енгiзiлген кепiл ақша (кепiл) сомасынан тендердi ұйымдастыру бойынша шығындардың орнын толықтыру үшiн қажеттi қаражаттар алынады:
- жеке жобаларды жасау бойынша консалтингтiк қызметтер;
- даулы мәселелер бойынша жер-жерлерге шығу және мемлекеттiк заң мекемелерi немесе мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалар туралы шешiмдердi қабылдау жолымен мәселелердi шешу бойынша iссапар шығыстары, оларды қайта құру, тарату, сауықтыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн, жекешелендiру үшiн сенiмдi басқарушыға кепiлдiкпен мемлекеттiк меншiк нысандарын жалға беру, жалдау үшiн шарттарға (келiссөздерге, келiсiмдерге) қол қою;
- қалааралық, халықаралық телефон сөйлесулерiн төлеу ;
- нысандардың күзетi үшiн төлем;
- транспорт төлемi;
- жарнамамен және ақпаратпен қамтамасыз еткенi үшiн шығындар;
- қағаздарды, бланкілердi, кеңсе тауарларын, компьютерлердiң қосалқы
бөлшектерiн сатып алу, құжаттарды түптеу , жабдықтарды, техникаларды
жөндеу;
- тендерлердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан тыс
жұмыс iстеген қызметкерлердi материалдық ынталандыру үшiн";

6-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

"Жеңiске жетпеген тендерге қатысушыға тендердi ұйымдастыру және
өткiзу бойынша шығындарды жабу үшiн қажеттi енгiзiлген сомалардың 10
процентiн шегерiп қайтарады. Қалған кепiл ақша (кепiл) сомасы Қатысушыға
20 банк күнi iшiнде қайтарылады.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Департамент Директорының

орынбасары О.А. Абдукамаловқа жүктелсiн.