Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1999 года N 1053

Қаулы · № 786 · қабылданған 08.06.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-1999-n-1053/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1999 года N 1053 Күшін жойған Қаулы ·№ 786 ·08.06.2001
04.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1999 года N 1053

Күшін жойған Қаулы ·№ 786 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 1999 года N 1053
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
786
Қабылданған күні
08.06.2001
Көрсетілген редакция
04.02.2016 AI9090_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000786_
ЭКБ идентификаторы
9090
Редакция идентификаторы
AI9090_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:45

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне:
6-тармақта:
үшінші абзац "Ішкі істер министрлігіне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзац "МӨҚ-ке" деген сөздің алдынан "ай сайын" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
бесінші абзацта "өрттің қауіпті факторларының" деген сөздер "жанудың" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзац "жануы" деген сөзден кейін ", егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе," деген сөздермен толықтырылып, "есеп жүргізуге жатпайды" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы