Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 1999 года N 836

Қаулы · № 544 · қабылданған 09.04.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-1999-n-836/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 1999 года N 836 Қолданыста 09.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 1999 года N 836

Қолданыста Қаулы № 544 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 1999 года N 836
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
544
Қабылданған күні
09.04.2000
Көрсетілген редакция
09.04.2000 AI5704_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000544_
ЭКБ идентификаторы
5704
Редакция идентификаторы
AI5704_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:32
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы N 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 28, 271-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауындағы, 1-тармақтағы "Жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер "Жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру туралы ережеде:
атауында, кіріспеде, 1-тармақта "белгіленген тәртіпте жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер "жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту білім жүйесіндегі оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілігін арттыру курстарында жүзеге асырылады, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган олардың арасында жұмыссыздарды кәсіби оқыту үшін конкурстық негізде іріктеу жүргізеді.";
екінші абзацтағы "тендерді" деген сөз "конкурсты" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беретін ұйым, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.";
3-бөлімнің атауындағы "Жұмыссыз деп танылған адамдарды" деген сөздер
"Жұмыссыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік оқыту кезеңінде аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы
жұмыссыздарға материалдық көмек беріледі."

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.