Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 «О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан»

Қаулы · № 817 · қабылданған 07.12.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2000-no-1749-ekb-126518/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 «О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 817 ·07.12.2018
07.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 «О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 817 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2000 года № 1749 «О порядке исчисления времени на территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
817
Қабылданған күні
07.12.2018
Көрсетілген редакция
07.12.2018 126518_377295.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000817
ЭКБ идентификаторы
126518
Редакция идентификаторы
126518_377295
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:11

0 «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы
№ 1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 575-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізiлсiн:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-шi және 5-шi сағаттық белдеулерде орналасады деп белгiленсiн. Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына сәйкес сағаттық белдеулердің шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Түркістан облысының арасында өтеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қызылорда облысының әкімдігі 2018 жылғы 20 желтоқсаннан
21 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».

2 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы