Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 508 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности кредитными товариществами и ипотечными компаниями"

Қаулы · № 79 · қабылданған 12.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2002-no-508/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 508 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности кредитными товариществами и ипотечными компаниями" Күшін жойған Қаулы ·№ 79 ·12.08.2006
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 508 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности кредитными товариществами и ипотечными компаниями"

Күшін жойған Қаулы ·№ 79 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 23 декабря 2002 года № 508 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности кредитными товариществами и ипотечными компаниями"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
12.08.2006
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI29610_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004382_
ЭКБ идентификаторы
29610
Редакция идентификаторы
AI29610_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:00

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған; Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2794 тіркелген 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 және 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20 бірлескен қаулыларымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3390 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;
кіріспесіндегі және 4-тармағындағы "Кредиттік серіктестіктердің және", "кредиттік серіктестіктерге және" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
тақырыбында, 2-тармағында "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;
1, 3 және 5-тармақтардағы "кредиттік серіктестіктер және", "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "аудиторлық есеп" деген сөздерден кейін "(еншілес ұйымдар болған жағдайда - есепті жылдың шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп)" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтағы "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтағы "кредиттік серіктестік немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
17-тармақтағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақтағы "Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1, 2, 3 және 3-1-қосымшаларда:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;
атындағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан республикасы
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің
Төрағасы
2006 жылғы 16 тамыз

Қолданыстағы